26 қаң, 2026 сағат 15:59

Қостанайда жасөспірім теміржолға шығып, пойызды тоқтатты: ата-анасына айыппұл салынды

Фото: ашық дереккөз

9 қаңтарда 15 жастағы қостанайлық жасөспірім достарымен бірге қызық үшін Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз жолына шықты. Машинистке апатты тежеуге тура келді, себебі бұл әрекет қозғалыс қауіпсіздігіне нақты қатер төндіріп, пойыз апатына әкелуі мүмкін еді, деп хабарлады Қостанай облыстық соты.

Жасөспірімнің анасы ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Соттың пікірінше, әйел 15 жасар ұлына тұрмыста және қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін үйретпеген, сондай-ақ моральдық және адами құндылықтарды қалыптастырмаған.

Сот шешімімен анасына 43 250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Басқа балалардың ата-аналарына қатысты қандай да бір жаза қолданылғаны туралы хабарлама жоқ.