12 мау, 2021 сағат 14:14

ҚПЛ: Бүгін 15-тур ойындары басталады


Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он бесінші туры басталады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ойындар 12 және 13 маусым күндеріне белгіленген. Алғашқы күні төрт жұп кездессе, екінші күнінде үш матч өтеді.

Аталған турдың шымылдығы 12 маусымда 18.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Каспий» (Ақтау) командалары кездесуімен ашылады. Одан кейін 19.00-де «Ақтөбе» мен «Атырау», 20.00-де «Ақжайық» (Орал) мен «Ордабасы» (Шымкент), 21.00-де «Шахтер» (Қаарғанды) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездесулерімен жалғасады.

Ал 13 маусымда 19.00-де «Тараз» бен «Қайрат» (Алматы), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Тобыл» (Қостанай) ойындары болады. Бұл турды 21.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тұран» (Түркістан) кездесуі түйіндейді.

Еске салсақ, бұдан бұрынғы он төртінші тур 28 және 29 мамыр күндері ойналды. Одан кейін ұлттық құраманың жолдастық кездесуіне орай ел біріншілігінде аздаған үзіліс болды.

Он төртінші турдан кейін 34 ұпаймен «Астана» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 31, «Қайраттың» 24 ұпайы бар.