12 қар, 2025 сағат 18:21

Криштиану Роналду келесі жылы мансабын аяқтайтынын хабарлады

Фото: Match.tv

Даңқты португалиялық футболшы Криштиану Роналду келесі жылы өтетін әлем чемпионаты өз мансабындағы соңғы дода болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

– Келесі жылғы әлем чемпионаты сіздің мансабыңыздағы соңғы турнир бола ма?
– Әрине, бұл – шындық. Өйткені ол кезде менің жасым 41-де болады. Мен бұл керемет турнирде не боларын білмеймін. Бұрын да айтқанмын, мен қазіргі сәттен ләззат алып жүрмін, — деді Роналду Сауд Арабиясындағы TOURISE туристік форумында.


Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.

Криштиану Роналду алғаш рет әлем чемпионатына 2006 жылы қатысқан. Ол бес мәрте «Алтын доп» иегері атанған, ал 2016 жылы Португалия құрамасымен бірге Еуропа чемпионы болды. Сондай-ақ, футболшы 2015 және 2019 жылдары УЕФА Ұлттар лигасында жеңіске жетті.