10 қаз, 2022 сағат 09:46

Криштиану Роналду тарихи жетістікке қол жеткізді


"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду осы маусымда алғаш рет АПЛ-да гол соқты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ағылшын Премьер-лигасының 10-турындағы "Эвертонға" қарсы кездесуде Роналду алаңға 29-минутта шықты. Ол кезде есеп 1:1 болатын. Роналду 44-минутта гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. 

Бұл Роналдудың клубтық деңгейдегі 700-голы болды. Ол "Спортинг" сапында - 5, "Реалда" - 450, "Ювентуста" - 101 және МЮ-де 144 рет қанжығасын майлаған.

"Манчестер Юнайтед" 15 ұпай жинап, турнир кестесінде 5-орында келеді.