
Зейнетақы қорындағы қаржыны жеткілікті жинағы барлар ғана пайдалана алады. Бұл туралы Tengri TV-де өткен тікелей эфирде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құқық қорғау органының қызметкерлерді 2016 жылдан бері толық мемлекет тарапынан қамтамасыз етіліп келеді, сол себепті олардың зейнетақы қорына ақша аударылмайды. Олардың баспаналы болу мәселесі басқа да әлеуметтік бағдарламада қаралған. Ал зейнетақы қорындағы қаржыны жеткілікті жинағы барлар ғана пайдалана алады», - дейді Виктория Шегай.
