Фото: Видеодан скриншот
Бишкек қаласы мен Қазақстан Республикасының аумағында вебкам-студиялар желісін ұйымдастырған тұлғалар тобы ұсталды, деп Ult.kz хабарлайды.Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі видеода көрсеткендей құзырлы мекемелер интернет желісі арқылы жезөкшелік пен жыныстық әдепсіздікті ұйымдастыру және қолдау ісіне қатысты Қырғызстан азаматтарын ұстады.
«А.А.А.», «Б.Б.С.», «Э.А.Э.» және «О.Э.К.» есімді азаматтар ұсталды. Аталған тұлғалар қылмыстық топ ретінде әрекет етіп, Бишкек қаласы мен Қазақстан Республикасының аумағында вебкам-студиялар желісін ұйымдастырып, оның жұмысын қамтамасыз еткен», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, ұйымдасқан топ мүшелері заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында Бишкек қаласының әртүрлі аудандарында пәтерлерді жалға алған. Ұсталғандардың тұратын барлық мекенжайлар бойынша шұғыл тінту шаралары жүргізіліп, онда вебкамералар, жарық жабдықтары, компьютер техникасы және басқа да техникалық құралдар, сондай-ақ сексуалды сипаттағы ашық онлайн-трансляциялар үшін арналған эротикалық костюмдер мен атрибуттар табылып, алынған.
Аталған топ мүшелері негізінен «Chaturbate (CB)», «Stripchat (strip)» және «BongaCams» сияқты вебкам қызметін ұсынатын интернет-платформаларда онлайн-трансляциялар жүргізген, ал қылмыстық кірістер олардың «Binance» криптокошельктеріне аударылған.
Қазіргі уақытта бұл қылмысқа қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау мақсатында тиісті тергеу-оперативтік іс-шаралар жүргізілуде.
