16 мау, 2020 сағат 15:48

Қырғызстаннан әкелінген көліктерді заңдастыруға бола ма?

Қазақстанда Қырғызстаннан әкелінген көліктерді заңдастырып алуға бола ма? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жалпы екі елден әкелінетін (Қырғызстан мен Армения) көліктер екі түрлі санатқа жатады. Үкіметтің қаулысында тіркеуге жататын көлік құралдарының санаты нақты көрсетілген. Ал Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер заңдастыруға жатпайды. Себебі шетелдік азаматтардың атына тіркелген көліктер халықаралық қозғалыс режиміне жатады», - деді ол.