
ҚХР-дың ішкі жалпы өнімі 2020 жылдың бірінші тоқсанында 6,8%-ға төмендеген, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қытайдың мемлекеттік статистика басқармасының (МСБ) хабарлауынша, коронавирус пандемиясы салдарынан биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қытай экономикасының өсуі төмендеген.
Сонымен қатар, өнеркәсіп секторында, бөлшек сауда мен негізгі капиталға салынған инвестициялар азайған.
Басқарма мәліметінде көрсетілгендей, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 13,5%-ға төмендеген, бөлшек сауда 2020 жылдың алғашқы екі айында 20,5%-ға түсіп кеткен, негізгі капиталға салынған инвестициялар 16,1%-ға қысқарған.
2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытайдың сыртқы сауда айналымы 6,4%-ға азайған.
Жұмыссыздық деңгейі – 5,9%.
