21 нау, 2026 сағат 11:23

Қытай Елшісі қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Фото: Ақорда

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі мен Алматы және Ақтөбе қалаларындағы Бас консулдары Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады деп хабарлайды Ult.kz.

Құттықтауында елші Наурыздың көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын және жаңа жылдың басталуын білдіретін ерекше мереке екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан халқына амандық, бақ-береке тілеп, елдің дамуына жаңа жетістіктер тіледі.

"Соңғы жылдары екі мемлекет басшыларының стратегиялық жетекшілігімен Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік үздіксіз нығайып, жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Екі ел бірлесіп, Қытай-Қазақстан тағдырлас қауымдастығын құрудың жаңа кезеңіне қадам басып, тату көршілік, достық және өзара тиімді ынтымақтастық жолын жалғастыруда. 
Наурыз – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын және жаңа жылдың басталуын білдіретін мереке. Осы орайда, Қазақстан дамуына жаңа әрі зор жетістіктер тілеймін, Қазақстан халқына бақыт пен амандық, ал Қытай-Қазақстан достығына мәңгілік беріктік тілеймін!
Наурыз мейрамы құтты болсын!", - делінген құттықтауда.