
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус инфекциясы бойынша жалпы әлемдегі ахуал туралы баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қытайда 80302 науқас тіркелген. Бір тәулікте 128 адамға өсті. Ол дегеніміз – 0,16 пайызды құрайды. Оның 2946-ы қайтыс болды. Емделіп шыққандардың саны – 47260 адам. Бұл көрсеткіш – 58,8 пайызды құрайды. Стационарда қазір 3096 науқас емделуде. Қайтыс болғандардың орта жасы – 75 жаста», - деді ол Қазмедиада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша әлем бойынша 76 елде 12575 науқас тіркеліп, оның 221-і қайтыс болған. Атап айтқанда Иранда 77 адам, Италияда 79 адам, Кореяда 34 адам, круиздік лайнерде болған 7 адам, Жапонияда 6, АҚШ-та 9, Францияда 4, Филиппин аралдарында 1, Таиландта 1, Австралияда 1, Сан-Маринода бір адам көз жұмған. Тәуліктік өсім 24,1 пайызды құрап отыр.
