27 мам, 2021 сағат 23:50

Литвадағы іріктеу турнирі: Қазақстандық жүзгіш «алтын» алды


Жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Литвада өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалдық сынын аяқтады. Ел қоржыны алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жеңімпаз атанды. Ол аталған қашықтықты 23.75 секунда жүзіп өткен. Айта кетелік, аталған қашықтық Олимпиада бағдарламасына енбейді. 

Бұдан бұрын аталған турнирде Анастасия Резванцева қола медаль иеленген болатын. 

Еске салайық, Токио Олимпиадасына лицензия алу үшін арнайы нормативті орындау қажет. Әзірге, Қазақстан командасының қоржынында Дмитрий Баландин жеңіп алған екі жолдама бар.