26 қаң, 2026 сағат 12:49

Луиш Нани Ақтөбе ойыншысы атанды

Фото: Ақтөбе ФК

Бұл туралы «Ақтөбе» футбол командасы хабарлады.

«Португалия ұлттық құрамасының аңызы Луиш Карлуш Алмейда да Кунья «Нани» «Ақтөбе» футбол клубымен 2026 жылдың аяғына дейін келісім-шартқа отырды», — делінген ресми хабарламада.


Нани Португалия құрамасы мен «Мачестер Юнайтед» клубының бұрынғы ойыншысы. 

Нани «Ақтөбе» сапында қанша жалақы алатыны белгісіз.