17 мам, 2024 сағат 17:52

Малайзия премьер-министрі Тоқаевты туған күнімен құттықтап, торт сыйлады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагимді шығарып салды. 

Малайзия премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келген еді. Енді оның сапары аяқталып, Тоқаев оны Астанадағы әуежайда шығарып салды. 

Анвар Ибрахим президентке жылы лебізі үшін алғыс айтып, туған күнімен құттықтады. Жеке мерекесіне орай Тоқаевқа "Туған күніңізбен, президент мырза" деген жазуы бар торт сыйлаған.


Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Алайда ол туған күнін тойламайды