
1986 жылы футболдан Аргентина құрамасының әлем чемпионы атанған Диего Марадона Ла-Платадағы ауруханаларының біріне жатқызылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Аргентиналық Todo Noticias басылымының мәліметінше, қазіргі уақытта "Химнасия және Эсгрим" клубының бас жаттықтырушысы Марадона бірқатар тексеруден өту үшін ауруханаға жатқызылған.
