07 қыр, 2016 сағат 12:34

Мәскеудегі жол-көлік апатынан Путиннің жүргізушісі қаза тапты (Видео)

"Ресей Президенті Владимир Путиннің Іс басқармасының жүргізушісі жол-көлік апатынан қаза тапты", - деп хабарлап отыр ресейлік БАҚ.

Жол апаты 2 қыркүйек күні Кутузов даңғылында болған. Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Видеода Mercedes жүргізушісінің көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кетіп, президенттік BMW көлігімен соқтығысқаны анық көрініп тұр.

Ал, екінші көлік жүргізушісінің ауыр жарақатпен ауруханаға түскені белгілі болған.

Ұлт порталы