14 мау, 2021 сағат 12:37

Матч кезінде жүрегі тоқтап құлаған Эриксен мәлімдеме жасады


Еуропа чемпионатының алғашқы ойындарының бірінде жүрегі тоқтап құлаған 29 жастағы ойыншысы Кристиан Эриксен өзінің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды"Чемпионат"басылымы.

"Бәріне рақмет, мен берілмеймін. Қазір жағдайым жақсы, бірақ өзім үшін не болғанын түсінгім келеді. Баршаңызға маған көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын", - деді Эриксен La Gazzetta dello Sport басылымына.

Данияның "BT" басылымының ақпараты бойынша, "Интер" құрамасының жартылай қорғаушысы ауруханаға жатқызылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң клуб мүшелеріне хабарлама жіберген.

Эриксен миландық "Интер" футболшыларының WhatsApp-тағы тобына: "Жағдайым жақсы, жақында ораламын деп үміттенемін" деп жазған.

Кристиан Эриксен. © Reuters

Еске салайық, ЕURO-2020 турнирінің сенбідегі Дания және Финляндия арасындағы матчте Эриксеннің жүрегі тоқтап қалып, алыңда құлаған еді. Футболшыға бірден көмек көрсетіліп, кейін оны ауруханаға алып кетті.