
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді береке-бірлікке шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазір әлемдегі жағдай күрделі. Тіпті, кейбір аймақтардағы ахуал ушыға түсті. Бұл жағдай әрине, бізді де алаңдатады. Барлығымыз ел ішінде және айналамызда тұрақтылық болғанын қалаймыз. Сондықтан әлемде болып жатқан оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Елдің береке-бірлігі мен амандығы бәрінен қымбат. Әсіресе, бұл қазіргідей кезеңде өте маңызды. Әлемді жайлаған пандемияға және экономикалық дағдарысқа төтеп беру үшін мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдауда. Бірақ бұл жұмыс бүкіл ел болып, жұмыла білсек қана өз нәтижесін береді», - деді Президент коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзінде.
Мемлекет басшысы «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген, бабалардан қалған нақылды еске салды.
«Біздің барлық жетістіктеріміз, ең алдымен, ауызбіршіліктің арқасы. Осыны ұмытпаған жөн», - деп түйді Президент.
