Фото: Президенттің баспасөз қызметі
Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде белсенді сыртқы саясат жүргізіп келеді. Бір жыл ішінде Мемлекет басшысы 23 рет шетелге сапар жасаған, деп хабарлайды Ult.kz.
Атап айтқанда, Президент Ресей мен Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасы, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапонияға ресми сапарлар ұйымдастырылды.
Ал жұмыс сапарларының саны 16-ға жетті. Осы кезеңде Мемлекет басшысы Ресейге (екі рет), АҚШ-қа (екі рет), Түрікменстанға (екі рет), сондай-ақ БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды.
