02 қыр, 2020 сағат 16:23

Мемлекет ЭКО-ға алғашында 100 квота ғана бөлген еді – Мәдина Нұрғалиева

Қазақстанның экстракорпоралды ұрықтандыру технологиясы АҚШ, Еуропа технологиясынан кем емес. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі Мәдина Нұрғалиева Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған ҚР Президенті Жолдауы аясындағы әлеуметтік басымдықтарды талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Президент Жолдауы кеше бәрінің аузында жүргені сөзсіз. Алда әлі талай көптен жайттар мен детальдарын тереңірек талқылайтын боламыз. Бүгінгі бағдар Жолдауда айтылған әлеуметтік басымдықтар болғандықтан меніңше, ең маңызды саналатын отбасылық саясат, балалар, әлеуметтік-демографиялық мәселелер жайына тоқталғым келеді. Әлеуметтік желілердегі пікірлерді шолып отырып, 2021 жылдан экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасы бойынша квота санын арттыруға қатысты бастаманың барынша қолдауға ие болғандығын байқап қалдым», - деді ол. 

Оның айтуынша, Еуропалық адам репродукциясы қауымдастығының дерегіне сәйкес, 1 млн тұрғынға экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасы 1-1,5 мың квота қолданылуы тиіс. Қазақстанда бұл көрсеткіш 1 мың квотаға тең. 

«Қазақстан бұл тақырыппен 20 жыл бойы айналысып келеді және бізде бірінші экстракорпоралды ұрықтандыру 2010 жылы жасалды. Сол кезде мемлекет экстракорпоралды ұрықтандыру бойынша 100 квотаға ғана ақша бөлген еді. Осы аралықта елімізде көптеген сәби дүниеге келіп, көптеген отбасы өзінің мәртебесін нығайтты», - деді ол. 

Ол бұл бағыттағы қазақстандық технологияның Еуропа елдері, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері технологиясынан кем еместігін баса айтты. 

«20 жылдың ішінде бізге 51 елден бедеулігі бар пациенттер келіп емделді. 18 млн халқымызға ЭКО бағдарламасының мұнан да көп квотасы қажет. Мемлекет басшысының бұл көрсеткішті арттыру туралы кешегі тапсырмасы қазақстандық отбасылар үшін мәселенің қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп отыр», - деді Мәдина Нұрғалиева.