Фото: ашық дереккөз
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарларды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Ult.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаменті басқарма басшыларының біреуі және елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынған. Тергеу барысында олардың ақшалай сыйақы алу арқылы шетелдік азаматтарға халық тұтынатын тауарларды ел аумағына кедергісіз әкелуге көмектескені анықталған.
Күдіктілердің 100 миллион теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған. Алдын ала есеп бойынша, келтірілген мемлекеттік шығын көлемі 1,9 миллиард теңгені құрайды.
ҰҚК хабарлауынша, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
