Фото: stan.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде кадрлық өзгерістер болды. Айнұр Қамидоллақызы Серғазиева агенттік төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, оның орнына Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш тағайындалды. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.
Айта кетейік, Айнұр Серғазиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына шетелдегі демалыстар мен қымбат киім-кешек, сөмкелерін жариялап, сынға қалған болатын.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айнұр Қамидоллақызы Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
