05 қаң, 2023 сағат 13:48

Месси 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі үздік футболшы атанды

Фото: © Juan Manuel Serrano Arce / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Аргентина құрамасы мен «ПСЖ» клубының шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Сhampionat.com сайтынан алынған дерекке қарағанда, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) үздіктер есімін жария етті.

Месси дауыс берудің қорытындысы бойынша 275 ұпай жинады. Ол «ПСЖ» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеден әлдеқайда алға кетті. Мбаппенің есебінде 35 ұпай ғана бар. «Реал» мен Франция құрамасының тағы бір шабуылшысы Карим Бензема (30 ұпай) үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ «Реалдың» жартылай қорғаушысы, хорватиялық Лука Модрич (15) пен «Манчестер Ситидің» шабуылшысы, норвегиялық Эрлинг Холанд (5) ТОП-5-ке енді.