20 сәу, 2025 сағат 13:19

Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Фото: Olimpik.kz

Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ult.kz.

Дохада өтіп жатқан байрақты бәсекенің ақытық сынында отандасымыз 14.500 ұпаймен алтын жүлдеге қол жеткізді. Екінші орынды Тайбэйлік Чиа Хун Тан 14.400 иеленсе, қытайлық Ци Тан 14.000 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Осылайша, Милад Әлем кубогының кезеңін екі алтын медальмен аяқтады.