26 қаң, 2026 сағат 11:15

Милан-2026: қысқы Олимпиадаға қай өңірден қанша спортшы барады

Фото: Offside.kz

Санаулы күндерден кейін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпия ойындары басталады. Биылғы төрт жылдықтың басты додасына әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақстан бұл Олимпиадаға тәуелсіз ел ретінде тоғызыншы рет қатысады. Италиядағы додада ұлттық құрама сапынан жалпы саны 36 спортшы ел намысын қорғайды. Оның 18-і ер, 18-і әйел спортшы. Салыстыру үшін айтсақ, 2022 жылы Бейжіңде өткен қысқы Олимпиадаға Қазақстаннан 34 спортшы барған еді.

Қысқы Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылар еліміздің әр өңірінен іріктелген. Әдетте қысқы спорт түрлері солтүстік және шығыс аймақтарда жақсы дамығанымен, биыл оңтүстік өңірлерден де спортшылар бар.

Өңірлер бойынша:

  • Алматы қаласы – 6 спортшы (4 спорт түрі)

  • Ақмола облысы – 6 спортшы (2 спорт түрі)

  • Шығыс Қазақстан облысы – 4 спортшы (1 спорт түрі)

  • Шымкент қаласы – 4 спортшы (1 спорт түрі)

  • Астана қаласы – 4 спортшы (3 спорт түрі)

  • Алматы облысы – 4 спортшы (2 спорт түрі)

  • Павлодар облысы – 3 спортшы (3 спорт түрі)

  • Қостанай облысы – 2 спортшы (1 спорт түрі)

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1 спортшы (1 спорт түрі)

  • Қарағанды облысы – 1 спортшы (1 спорт түрі)

  • Абай облысы – 1 спортшы (1 спорт түрі)

Барлығы: 36 спортшы.

Айта кетейік, XXV қысқы Олимпия ойындары 6–22 ақпан аралығында өтеді.