Фото: Pexels.com
Мұхаммед есімі Еуропа одағының бірқатар елдерінде жаңа туған балаларға ең жиі қойылатын ат болды. Бұл туралы World of Statistics хабарлады.
Бұл есім әсіресе Ұлыбританияда, Германияда, Бельгияда, Нидерландыда және Норвегияда кең таралған. Сондай-ақ Лондон, Манчестер, Берлин, Брюссель, Амстердам, Хаген және Осло қалаларының тұрғындары арасында да жиі таңдалады.
Ал Варшава қаласында ең танымал есім — Ян болып шықты.
Айта кетейік, Қазақстанда да Мұхамед есімі ер балалар арасында ең көп таралған. 2025 жылғы санақ бойынша, бұл есім 2537 балаға берілген. Сондай-ақ "Мухаммад" есімі тағы 2042 адамға берілген. Екінші және үшінші орындарда Әлихан мен Айсұлтан.
