
Хефрон пирамидасынан құлап кеткен Мысыр тұрғыны қаза тапты. Бұл туралы 8 наурызда al-Masry al-Youm порталы Египеттің ежелгі жәдігерлер және туризм министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Әзірге бұл өлімнің себеп-салдары мен бүге-шігесі белгісіз. Тек келеңсіз оқиға жайлы ақпарат прокуратураға берілгендігі атап өтілген.
Пирамиданың биіктігі 130 метр, ер адам шамамен 100 метр биіктіктен құлаған.
