09 мау, 2019 сағат 07:27

Назарбаев елордадағы №58 сайлау учаскесінде дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы №52 сайлау учаскесінде президенттік сайлаудағы таңдауын жасады.

"Қазақстан халқы президент сайлауына қатынасып жатыр. Әр уақытта әр елді мұндай сайлау халық үшін тарихи шешім болып табылады. Ел учаскелерге келіп, тек президент сайламайды. Өзінің тұрмысын, тағдырын, болашаққа деген үмітін көрсететін болады. Мен білемін, халқымыздың ойы - ел аман, жұрт тыныш болса, еліміздің осылай өркендеп өсе берсе, әр жанұяда жақсылық болса, еліміз өркендеген сайын халқымыздың әл-ауқаты жақсара берсе деген ой", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы осы жылғы кезектен тыс президенттік сайлаудың Қазақстан тарихында алар орны бөлек екенін атап өтті.

"Биылғы сайлаудың мәнісі - өз алдына басқа. Өздеріңіз білесіздер, мен өз өкілеттігімді тоқтатып, келесі буынға жол бердім. Ол - дұрыс. Бұл шешімді бүкіл дүние қолдап жатыр. Бүгінгі сайлау сәтті өтсін, құтты болсын, жақсылығымызға дауысын деп тілек айтамын", - деді ол.

Аталған сайлау учаскесінің төрайымы Қымбат Іргебаеваның сөзіне қарағанда, учаскеде 3 417 сайлаушы тіркелген.

«Бүгін дауыс берушілердің жоғары белсендігін күтіп отырмыз. Өткен жолғы сайлау кезінде біздің учаскеге келгендердің қарасы қалың болды. Соңғы 20 күнде тұрғындардың көбісі бізге хабарласып, мәлімет алды. Сонымен қатар бұл учаскеде Нұрсұлтан Әбішұлын үлкен құрметпен күттік. Тұңғыш Президент осыған дейінгі болған сайлауда да осы учаскеде дауыс берген болатын», - деді Қ. Іргебаева.

Оның сөзіне қарағанда, учаскеге сағат 06:00-ден бастап байқаушылар, БАҚ өкілдері, президенттікке кандидаттардың сенімді өкілдері келіп тіркелді.

«Сағат 07:00-ден бастап тұрғындар дауыс беруге келіп жатыр. Олардың арасында жастар да, егде жастағы адамдар да бар. Сондықтан бүгін сайлаушыларымыз көптеп келеді деген ойламын. Айта кетейік, таңертеңнен бері байқаушылар тарапынан ескертулер болмады», - деді Қымбат Іргебаева.