
Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды elbasy.kz.
Әңгіме барысында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдіріп, вирусты жеңуін және тезірек сауығып кетуін тіледі.
Елбасы Ресей Федерациясының Президентіне алдаңдаушылық танытып, жылы лебіздерін жолдағаны үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді және Ресей халқын келесі аптада Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге орай өтетін салтанатты іс-шаралармен құттықтады.
Бүдан бұрын Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тілеп, телеграмма жолдағаны хабарланған еді.
Еске салайық, 18 маусымда Елбасының коронавирусқа жасаған ПЦР-тесті оң нәтиже көрсетті. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы медицина қызметінің бақылауында екенін хабарлады. Елбасы заманауи коммуникация каналдарын қолдана отырып, қашықтан жұмыс істеп жатыр.
