28 ақп, 2020 сағат 07:23

Нидерландта алғашқы коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді

Нидерланд алғашқы коронавирус жұқтыру оқиғасын растады. Вирус жақында Италияның солтүстігінде болған науқастан анықталды, деп хабарлайды Medical Express ресурсы.

Науқаспен тығыз байланыста болғандардың барлығы тексерістен өтті. Ол карантинге жатқызылды, деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау және қоршаған орта ұлттық институты.

Қоғамдық денсаулық сақтау институты инфекцияның таралуынан сақтануға шақырады.

Айта кетейік, Италия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде Қытай мен Оңтүстік Кореядан кейінгі үшінші орында тұр.