Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты іс бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ult.kz.
Олар қызметтік салғырттық жасады деген күдікке ілінді.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, іс полицейлердің некеге мәжбүрлеу туралы арызды тіркеу кезінде тиісті шара қолданбауымен байланысты. Жауапкершілік аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне жүктеледі, сондай-ақ қалалық полиция департаменті басшылығының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Бұл іс қоғамда кең резонанс тудырған еді. Осыдан кейін Шымкент қалалық полициясының бастығы, оның бірінші орынбасары және бірқатар өзге де лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды.
