Фото: Maksim Konstantinov/Global Look Press
Белсенді Марат Тұрымбетов әзілкеш Нұрлан Сабыровтың үстінен Бас прокуратураға арыз түсірді. Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Ult.kz.
Марат Тұрымбетов комиктің былтыр “Вагнер” жауынгерлеріне 10 мотоцикл және 2 миллион рубль жіберіп, көмектескені жайлы ақпараттан кейін Украинадағы соғысты қаржыландыру дерегін тексеруді талап етіп отыр.
“Құзырлы органдар анық-қанығын ашып береді деп ойлаймын. Егер бұл жалған жала болып шықса, ҚР заңына сәйкес жауапкершілік көтеруге дайынмын. ҚР Бас прокуратурасының жауабын күтеміз”, – деп жазды белсенді.
Марат Тұрымбетов Сабыровтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 170-бабы (“Жалдамалылық”) бойынша қарастырылуы мүмкін деп санайды. Өйткені оның сөзінше, “Вагнер легионы Истра” ЖӘК “Вагнердің” құрамына кіреді, ал бұл құрылым өкілдері жалдамалылар.
