01 қыр, 2020 сағат 12:10

Нұртөре Жүсіп: Жолдауда айтылған мәселелерді шешуге атсалысамыз

Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп бүгінгі Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сенаттың баспасөз қызметіне слітеме жасап. 

Оның айтуынша, Жолдауда ауыл және ауыл шаруашылығы мәселесін дамыту жайы айтылған. 

«Мұның ішіндегі негізгі мәселенің бірі - Қазақстанның жер көлемі. Алайда, осы жеріміздің бір тұтамын болсын сақтау жағдайына келгенде ешқандай жердің шетелдіктерге сатылмайтыны туралы айтқаны өте орынды. Одан бөлек, білім мәселесі де көтерілді. Кез келген мемлекет көш бойы ілгері жылжуы үшін оның білім саласы мықты болуы керек. Я ғни, білімі дамыған ел әрқашан алдыңғы қатарда болады. Президенттің айтқан жақсы бір жаңалығы - қазақ зиялыларына үлкен мүмкіндік беріледі» дейді Нұртөре Жүсіп. 

Сенатор құжатта көтерілген басқа да мәселелерге назар аударды. 

«Ұқыптылық, байсалдылық мәселесі. Мысалы Президенттің «ең бастысы, бос сөзден арылып, елге пайдалы дүниелерді жасай білу жағдайына келуіміз керек» деген сөзі - біз үшін қуанышты жағдай. Сенат депутаты ретінде Жолдауда айтылған мәселелерді шешу үшін дұрыс заңдарды қабылдап, олардың іске асырылуына атсалысамыз» дейді депутат.