15 қыр, 2022 сағат 10:24

"Ол кім еді?" Головкин Канелоға қатысты батыл мәлімдеме жасады


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске дөрекі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін Канело өз сұхбаттарында Головкиннің карьерасын аяқтаймын деген болатын. Алдағы кездесу жекпе-жектен де үлкен, жеке мәселесі екенін айтқан.

"Оған бұл жеке мәселе шығар. Оның орнына сөйлеу дұрыс болмас. Мен мұны қалай көремін - DAZN-дағы соңғы жекпе-жек, ​​келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жек, ​​көп уақыт өтті, бәрі бір кездесуге қосылып отыр. Енді, міне, төрт жылдан кейін ол "нокаутқа түсіремін", "карьерасын аяқтаймын" деген мәлімдемелер айтып жүр. Ол менің карьерамды қалай аяқтайды? Менің карьерамды бастайтын немесе аяқтайтындай ол кім еді? Міне, ол өзін осылай көтермелеп отыр. Ол бұлай айтатын жаста емес, ондай жағдайда да емес. Егер бұл жеке мәселе болса, кездесу бірден болар еді. Ал қазір көп уақыт өтті, оның айтып жатқаны дұрыс емес", - деді Головкин.

Головкин "оның тарапынан сізді нокаутқа түсіремін деген түрлі мәлімдемелерді құрметсіздік деп санамайсыз ба" деген сұраққа да жауап беріп өтті. 

"Оның сөздерімен санаспаймын. Көптен бері оның айтқандарына мән бермейтін болғанмын", - деп жауап берді боксшы.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.