26 шіл, 2021 сағат 10:10

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне масканы шешуге рұқсат етілді


Токиодағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне Олимпиада ұйымдастырушылары марапаттау рәсімінде суретке түсу кезінде 30 секундқа масканы шешуге рұқсат етті.

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнұран біткеннен кейін спортшыларға максимум 30 секундқа маска шешуге болатыны туралы белгі беріледі. Бұл кезде жүлдегерлер бұрынғыша әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек болады.

Бұдан кейін олимпиадашыларға масканы қайта тағу керектігі жөнінде тағы бір белгі беріледі. Сол кезде маска таққан жеңімпаздармен олардың тұғырында суретке түсуге рұқсат етілмек.

Еске сала кетейік, Қазақстан әзірге биылғы Олимпиада ойындарында екі «қола» алды. Еліне жеңісті дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлетші Игорь Сон әкелді.