Фото: Olympic.kz
Каратэден (WKF) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.
Дархан – спорт әлемінде зор жетістіктерге жеткен танымал тұлға. Оның спорттық жетістіктерінің арасында:
-
Токио Олимпиадасындағы (-60 кг) қола жүлде,
-
Әлем чемпионатының күміс (2008) және қола медалі (2018),
-
Гуанчжоудағы Азия ойындарының алтын жүлдесі бар.
Сонымен қатар, ол Karate-1 Премьер-лигасының 8 мәрте жеңімпазы атанған.
Бұған дейін Дархан Асаділов Шымкент қаласындағы спорт мектебінде және Қазақстан жастар құрамасында жаттықтырушы қызметін атқарған.
Дархан Асаділовтің бас бапкер ретіндегі алғашқы халықаралық жарысы – мамыр айының соңында Ташкентте өтетін Азия чемпионаты. Сонымен қатар, оның негізгі мақсаты – Ұлттық құраманың бапкерлер құрамын жасақтау және 2026 жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына жоғары деңгейде дайындық жүргізу.