29 сәу, 2020 сағат 15:16

Оңтүстік Кореяда 25 құрылысшы тірідей жанып кетті

Сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 25 құрылысшы өрттен қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ренхап» агенттігінің мәліметінше, өрт сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 13:32-де басталған. Болжам бойынша, өрттің шығуына құрылыс жұмыстары кезіндегі жарылыс себеп болған. 

«Қызыл жалын тез тарағандықтан адамдар эвакуцияланып үлгермегенге ұқсайды», - дейді оқиға орнына келген өрт сөндірушілер. 

Оңтүстік Корея билігі іздеу-құтқару операциясын ұйымдастыруға қолда бар ресурстың барлығын жұмылдыруға бұйрық берді.