27 қаң, 2023 сағат 20:09

Орал тұрғыны танысын өлтіріп, полицияға өзі хабарлады

Сурет: Polisia.kz

Орал тұрғыны танысын өлтіріп, кейін полицияға өзі хабарлады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қаңтардың 23-інен 24-іне қараған түні 1966 және 1970 жылы туған екі таныс ішімдік ішіп, кейін отырысты 1966 жылғы жәбірленушінің үйінде жалғастырмақшы болған олар жол-жөнекей сөзге келіспей, үйдің алдында жұдырықтасып, 56 жастағы азаматқа дене жарақатын салған. Соққыдан құлаған жәбірленуші сол жерде көз жұмған. Ал күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Үйдің айналасы темір қақпамен қоршалғандықтан, аула ішінде 2 күн жатып қалған адамды ешкім байқамайды.

Қаңтардың 26-сы күні күдіктінің өзі полиция қызметкерлеріне хабарласып, таныс досының ессіз жатқанын айтады. Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, барлық айғақтарды жинап, кісі өліміне полицейлерді шақырған танысының қатысы бар екенін анықтап, қолға түсіреді.

Қазір 1970 жылы туған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.