05 қаз, 2022 сағат 18:01

Оралда оқушы сабақ үстінде қайтыс болды

© Sputnik / Абзал Калиев

Оралда 10 сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға Зашаған кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектепте болған.

4 қазан күні таңертең мектепке келген 10 сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды.

"2007 жылғы ұл бала сағат 07.45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08.00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде ол отырған жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылғанымен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады", – деп хабарлады басқармадағылар.