
Коронавирус белгілері пайда болса ораза тұтқан адам не істеуі керек? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында бұл сұраққа дін мамандары жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Төтенше жағдайды ескере келе, мұндай жағдайда белгілі бір ағзаның зақымдануы, жаңа аурудың пайда болуы және аурудың асқыну қаупі күшейетініне білікті дәрігер сенімді болса – ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Коронавирусқа ағза әлсіреп, ауру белгілері пайда болса – оразаны тоқтатып, басқа күні ораза қазасын өтеуге рұқсат етіледі», - дейді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров.
Сондай-ақ, ол төтенше жағдай аяқталғаннан кейін мобильді қосымшаларды төтенше жағдайға байланысты арнайы шығарғандарын айтты.
«Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін де мобильді қосымшаны қолдана беру жоспарда бар. Өйткені мешіттегі қаржы айналымының ашықтығын қалаймыз», - дейді ол.
