04 мау, 2021 сағат 18:00

Отандық телеарна дзюдодан әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді


«QAZSPORT» телеарнасы дзюдодан әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

6-13 маусым аралығында Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтетін дзюдодан әлем чемпионатында еліміздің намысын 17 дзюдошы қорғайды. 

Ерлер құрамасы:

60 келі – Ғұсман Қырғызбаев, Мағжан Шамшадин

66 келі – Елдос Жұмақанов

73 келі – Жансай Смағұлов, Аңсар Ғайнуллин

81 келі – Дидар Хамза

90 келі – Ислам Бозбаев, Ерсұлтан Мұзапаров

+100 келі – Ерасыл Қажыбаев

Бас бапкер: Ғалым Жылгелдиев.

Әйелдер құрамасы:

48 келі – Отгонцэцэг Галбадрах, Абиба Абужақынова

52 келі – Нұрсұлу Ералиева

57 келі – Севара Нышанбаева

70 келі – Зере Бектасқызы, Мөлдір Нарынова

+78 келі – Камила Берліқаш, Назгүл Маратова

Бас бапкер: Ерлан Алпысбаев.