18 нау, 2020 сағат 15:02

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 15 адамға жетті

Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 2 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде елде коронавирус жұқтырғандар саны 15 адамға жетті. 

Негізінен вирус жұқтырғандардың басым көпшілігі – COVID-19 диагнозы қойылған шетелден келген өзбек азаматтарының туыстары.

Расталған жағдайлардың барлығы Ташкентте тіркелген. 

Еске сала кетейік, Өзбекстанда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай 15 наурызда Франциядан келген өзбек азаматынан анықталған.