
Өзбекстанда коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында кешенді шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгін елдің премьер-министрі Абдулла Арипов Өзбекстанға коронавирустың келуінің алдын алу шараларын күшейтуге арналған шараларды қолға алу туралы жиналыс өткізді.
Жиналыстан кейін Өзбекстанда Наурыз мейрамының бұқаралық шаралары болмайтыны, сондай-ақ адам көп жиналатын басқа шаралар да өтпейтіні туралы хабарланды.
Бұдан бөлек, елде коронавирустың табылуына байланысты, 16 наурыздан бастап барлық ЖОО, мектеп, мектепке дейінгі білім мекемелерінің білім алушыларына демалыс берілді.
