16 нау, 2020 сағат 00:44

Өзбекстанда тағы 3 адамнан коронавирус табылды

Өзбекстанда тағы 3 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

15 наурыз күні Өзбекстанның Вирусология ғылыми зерттеу институтында 11 наурыз күні Франциядан келген Өзбекстан азаматынан COVID-19 коронавирусы табылған болатын. 

Елдің денсаулық сақтау министрлігі науқастың ұлы мен қызына да вирус жұққанын растады.

Сондай-ақ 15 наурыз күні Ташкент уақытымен 05:15-те «Uzbekistan airways» әуе компаниясының Ыстанбұл-Ташкент бағытындағы 274-рейсімен келген Өзбекстан азаматынан да жаңа коронавирус инфекциясы табылған. 

Соңғы дерек бойынша, Өзбекстанда науқастар саны төртке жетіп отыр.