24 жел, 2025 сағат 11:46

«Өзі жүре алады» деп кеткен: Риддерде аулада такси алты жастағы баланы қағып, кетіп қалған


Фото: видеодан скриншот

Риддер қаласында тұрғын үйдің ауласында такси жүргізушісі алты жастағы баланы қағып кетіп, баланың өз бетімен жүре алатынына көз жеткізген соң оқиға орнынан кетіп қалған. Бұл туралы Ult.kz Jagdai телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы кеше күндіз №4 шағын ауданында болған және бейнебақылау камераларына түсіп қалған: бала подъезден жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан автокөліктің астына түскен.

Бала құлап, кейін қайта тұрған. Жүргізуші көліктен шығып, онымен сөйлескеннен кейін оқиға орнын тастап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, бала жылап, үйіне қарай қашып кеткен.

Қала тұрғындарының өтініштерінен кейін полиция жүргізушіні анықтады. Бала ауруханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты, оған кеуде тұсының соғылуы диагнозы қойылған. Автокөлік тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.