14 мам, 2024 сағат 16:28

Париж Oлимпиадасында еліміздің туын қай спортшы ұстайды

Сурет: olympic.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Үкімет баспасөз мәслихатында еліміздің туын Oлимпиадада кім көтеріп жүретінін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

Министр бұл мәселе әзірге әлі шешілмегенін, десе де, спортшылардың арасында үміткерлер барын атап өтті.

"Жігіттердің арасында Асланбек Шымбергенов ту ұстауы мүмкін, қыз бала әлі таңдалмады. Лизенциялық күндер біткесін Париж Oлимпиадасының ашылу салтанатында туды қай спортшы ұстайтынын айтатын боламыз", – деді Ермек Маржықпаев.


Бұған дейін Парижде өтетін Олимпиадада спортшыларымыздың көрсеткішіне болжам жасалғанын жазған болатынбыз.