15 мам, 2026 сағат 18:34

«Пациентке тиіскен»: Алматыда фельдшерге ауыр айып тағылды


Фото: ДСМ


Алматыда жедел жәрдем шақыртуынан кейін дау шықты: пациент фельдшерді тиіскені үшін айыптаса, медицина қызметкері мұны жоққа шығарып, қарсы арыз жазды, деп хабарлайды Ult.kz.


Қала тұрғынының айтуынша, фельдшер тексеру кезінде интимдік шекарадан асып, тіпті телефонын тартып алып, пәтерде ұстап қалмақ болған. Айғайға жиналған көршілер жағдайды тоқтатқан. Қыз полицияға жүгінген.

Полиция істі тексеріп жатыр.


Ал жедел жәрдем станциясы айыптаулар расталмағанын мәлімдеді. Олардың дерегінше, фельдшер медициналық хаттамаға сай көмек көрсетіп, ЭКГ жасаған және науқасты ауруханаға жатқызуды ұсынған, бірақ ол бас тартқан.


Керісінше, медицина қызметкерінің өзі пациенттің әрекетіне байланысты полиция шақырып, арыз жазған. Ол алты жылдан бері жұмыс істейді, бұған дейін шағым болмаған.