01 ақп, 2023 сағат 11:03

Павлодар облысында ер адам тұрғындарды 52 млн теңгеге алдап кеткен

Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Павлодарлық полицейлер 52 млн теңге шығын келген екі алаяқтық фактісін ашты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Іскер азамат" Успен ауданының тұрғынына күнбағыс тұқымын жеткізіп беремін деп 28 млн теңге алдап алған. Ал кейіннен ол РФ Барнаул қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың бірінің бидайын иемденген. Жалпы шығын көлемі 24 млн теңгеден асты.

"Жедел уәкілдер аталған жәйттарға қатысы бар Павлодар қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Облыста осыған ұқсас жеті эпизод тіркелді.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам УҰИ-ға қамалды" - делінген хабарламада.