07 сәу, 2026 сағат 18:37

Перизат Қайраттың 79 млн теңгелік Mercedes-і мемлекетке өтті


Фото: sauda.e-qazyna.kz сайтынан скриншот


Сотталған Перизат Қайратқа тиесілі Mercedes-Benz S 450 автокөлігі мемлекет меншігіне берілді. Бұл туралы электрондық сауда порталында жарияланды, деп хабарлайды Ult.kz.


2024 жылы шыққан көліктің бағалау құны шамамен 79,4 млн теңге. Ол мемлекеттік органдардың теңгеріміне өтіп, оған шектеу қойылған.


Еске салайық, Қайрат 1,5 млрд теңгені жымқырды деген айыппен 10 жылға сотталған. Оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.