12 мам, 2026 сағат 10:38

Петер Мадьяр Тоқаевқа алғыс хат жолдады

Фото: Ақорда

Петер Мадьяр Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған хатында көрсетілген қолдау мен ізгі тілектер үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.

Мажарстан Үкіметінің басшысы Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі серіктестердің бірі ретінде бағалайтынын атап өткен. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Хатта Петер Мадьяр Tisza партиясының сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау жолдағаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірген.

Тараптар алдағы уақытта түрлі саладағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін растады.