26 шіл, 2023 сағат 14:45

Петропавлда мұғалім бейнекамера жоқ жерде оқушыларға діни жиындар өткізген

CC0 / Free-Photos /

СҚО Полиция департаменті қызметкерлері Петропавл қаласының аумағында мектеп мұғалімінің миссионерлік қызметті жүзеге асыру фактісін анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"28 жастағы ер адам бейнекамералар жоқ жерлерде оқушыларға діни жиындар өткізгендігі анықталды. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді. 

ҚР ӘҚБтК 490-бабының 3-бөлігі "Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" бойынша 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды" - делінген хабарламада.